"Табиғатта кітап оқимыз" » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
апрель
2025

"Табиғатта кітап оқимыз"

16 сәуір "Табиғатта кітап оқимыз"
Бастауыш сынып оқушыларының кітап оқу сағаты.Табиғат – жанға тыныштық, көңілге қуаныш сыйлайтын ерекше әлем. Күн шуағы төгіліп тұрған көктемгі саябақта немесе құстар ән салған жазғы орманда отырып, сүйікті кітабыңды оқу — шын мәнінде керемет сезім. Айналадағы жасыл шөп, ағаштардың сыбдыры мен құстардың үні кітаптың әрбір бетімен үндесіп, оқырманды ерекше бір әлемге жетелейді.

Табиғат аясында оқыған кітап жүрекке жақын, көңілге қонымды болады. Себебі тыныш әрі таза ауада ойың да сергек, қиялың да жүйрік болады. Мұндай сәттерде кітаптағы әрбір кейіпкер тіріліп, әр оқиға шынайы өмірдей сезіледі.