"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидасы
Қазақстан Республикасы |
"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидасы" "Мемлекеттік қызмет көрсету туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қосымша білім беру ұйымдарына және жалпы орта білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) құжат қабылдаудың тәртібін анықтайды.
2. "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі - Портал) жүгінеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі, оның ішінде үрдістің мінездемесі, түрі, мазмұны және қызмет көрсетудің нәтижесі, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген.
4. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхат беріледі немесе көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және қабылдау туралы өтінішті белгіленген мерзімнен кеш берген жағдайда, өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы еркін нысандағы анықтаманы беріледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттарды Портал арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері келіп түскен күні өтінішті тіркейді және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға жібереді. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері алынған сәттен бастап 10 минут ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды қағаз жеткізгіште немесе Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны және қосымша білім беру ұйымына, жалпы орта білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей мемлекеттік корпорацияның филиалына құжаттарды жеткізуді қамтамасыз етеді
6. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласында уәкілетті орган белгілеген тәртіп бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезеңі туралы ақпараттық жүйеге мәліметтер енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
7. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға беруге болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына тікелей түскен көрсетілетін қызметті алушының арызы "Мемлекеттік қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап, 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мемлекеттік қызмет көрсетуді бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органның мекен-жайына түскен жағдайда, онда тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
8. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
Бұйрыққа қосымша |
"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруді көрсетілетін қызметті беруші, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы жүзеге асырады |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қызмет көрсету мерзімі - 30 (отыз) минут (құжаттарды ағымдағы жылғы тамыз айының 1-нен бастап қазан айының 1-не дейін жыл сайын қабылданады). |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы стандарттың қосымшасына сәйкес нысан бойынша балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына қосымша білім беруге оқуға қабылданады немесе мемлекеттік қызмет көрсетудің осы стандартының 9 - тармағымен қарастырылған дәлелді жауап беріледі. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті алушы тарапынан төленетін төлемақы көлемі және Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған жағдайларда төлем жасау тәсілдері | Мемлекеттік қызмет "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңында көзделген білім алушылардың санаттарына жеңілдікпен тегін немесе ақылы көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі | 1) көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қабылдайды. |
8 | Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі | Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуына негіз болатын жағдайлар | 1) көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзгеде талаптар | Организм функциялары бұзылып, оның тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға және тергеу қамаудағы тұлғаларға және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға қажет болған жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне, болатын жеріне барып және бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну арқылы қағаз жеткізгішін толтыра отырып жүргізеді. |
Түсініктемелер (0)
0
0
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз
Базаның жай-күйі
- Барлық құжат: 283157
- Қазақ тілінде: 140900
- Орыс тілінде: 140719
- Ағылшын тілінде: 1538
- Жаңартылған күні: 20.07.2020
- 16.07.2020 күннің жағдайына құжаттар
Қолдау қызметі
- Email: support@zqai.kz
- Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30
(Нұр-Cұлтан қ. уақыты бойынша) - Демалыс күндері: сенбі, жексенбі
- Пайдаланушылық келiciм
- Кері байланыс
- Сайт картасы
Құқықтық ақпараттық қызметі
- Қалалық телефондардан тегін қоңырау
119 Қазақстан бойынша
58-00-58 Нұр-Cұлтан, Алматы қ. үшін
Соңғы құжаттар
- "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалар санаттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 42 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 424 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамының, "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" мен "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің кейбір мәселелері туралы
- "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Кеңінен таралған құжаттар
- Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі
- САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР ТУРАЛЫ (САЛЫҚ КОДЕКСІ)
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
- Мемлекеттiк сатып алу туралы
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI
- Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi
- Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім)
- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
- Қазақстан Республикасының Жер кодексі
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК