«Туған жер - туған ел» кітап көрмесі » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Туған жер - туған ел» кітап көрмесі
23
октябрь
2024

«Туған жер - туған ел» кітап көрмесі

       25 қазан – Республика күніне орай «Туған жер - туған ел» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету. 

    Тұңғыш Президенттің 1995 жылғы 18 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Жарлығымен 25 қазан Республика күні мемлекеттік мереке болып жарияланды. Бұл тарихи және өте маңызды шешім. Еліміздің  тәуелсіздігі шынымен де осы күннен басталады. Көрмеде мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы туралы әдебиеттер, сондай-ақ еліміздің егемендік тарихындағы айтулы сәттерді баяндап, өткен тарихымыздың жарқын жақтарын көрсететін мемлекеттің құрылу кезеңдеріне сәйкес материалдар ұсынылған.