Сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі
Семей қаласы Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ақпан айының 22 күні «Сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі» атты қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және тарих пәндері апталығының ашылуы болды. Биылғы оқу жылы мектебімізге тарихи тұлға, қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі берілуіне орай апталық - Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығына арналды.