Әдістемелік бірлестік отырыстары » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
ноябрь
2021

Әдістемелік бірлестік отырыстары

Мектебімізде 01.11 күні 2021-2022 оқу жылының І тоқсан нәтижелерін қорытындылау мақсатында әдістемелік бірлестіктердің отырыстары өтті.


Биылғы оқу жылының өзекті бағыттарының бірі – білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру.Тоқсан басында кіріс бақылау жұмыстары алынып, сараптанған болатын.Кіріс бақылау қорытындысы бойынша мектепшілік білімдегі олқылықтарды толтыру жұмыс жоспары бекітіліп, І тоқсанда түзету жұмыстары жүзеге асырыла бастады.Аталған мәселе де күн тәртібіне еніп, қарастырылды.

Жиынтық бағалау жұмыстары сараланып, модерация отырыстары жүргізілді.ӘБ отырыстарында бірлестік жетекшілері Агибаева А.К., Кашникова Е.В., Сатенова М.Г., Нурмуханбетова Т.К., Кырыкбаева А.С., Аубакирова А.А. бірлестік бойынша, сынып, пән мұғалімдері бойынша білім сапасына тоқталып, меңгерілмеген бағыттар бойынша ІІ тоқсан жоспарына өзгерістер ұсынды.