Онлайн-тренинг
«Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» бойынша 1,5 сынып оқушыларының бастауыш және орта буынға бейімделуіне әдістемелік көмек көрсетілді
2020-2021 оқу жылында мектептің оқу- тәрбие жұмыс жоспары бойынша қыркүйектің 22-27 аралығында 1-сынып және 5 сынып оқушыларының бейім-делуін бақылау мақсатында диагностикалық жұмыстар жүргізілді.
Мектепке бейімделу деген – психологияда бұл термин баланың ойлауы мен іс әрекеті оның мектеп ортасына үйлесімді «сәйкестенуіне» мүмкіндік беретіндей өзгеруі деп түсіндіріледі. Соған байланысты бірінші сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімділік деңгейін сауалнама арқылы зерттелді. Керн Йерасектің әдістемесі бойынша : 1,5-сынып оқушыларының мектепте оқуға психологиялық дайындығын анықтап, басым оқушылар бастапқы үш тесттен 3-тен 6-ға дейін ұпай жинап , 66 % оқуға дайын, 9-10 ұпай алған 16%балалар одан да тереңірек зерттеуді қажет етеді, 12-15 ұпай жинаған балаларға 8% баса назар аударуымыз керек екендігін көрсетті. Оқушылардың мектепке бейімделуі қалыпты жағдайда деген қорытынды жасалды. Оқушылардың танымдық көрсеткіштері жақсы. Ата-аналармен «Баланың бірінші сыныпқа баруы» атты онлайн-тренинг өткізілді. Ата-аналарға аталған мақсатта кеңестер берілді. Психологиялық қолдау көрсетілді.