Бастауыш сыныптардағы Lesson study » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
февраль
2022

Бастауыш сыныптардағы Lesson study

ІІ жартыжылдықтың міндеттері мен мақсаттарына сәйкес  5 фокус топ мүшелері 2 «А», 2 «Б»,  7 «Б»,  8 «А»,  9 «А» сыныптарында Lesson study үрдістерін ұйымдастырып, жүргізуде.
Пән мұғалімі Жұмасиянова Ж.Б. «Саралап оқыту арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын арттыру» кәсіби даму мақсатында жұмыс атқаруда. Lesson study үрдісі барысында аталған мақсатқа жету барысындағы жұмыстар көрініс тапты. 3 цикл көлемінде оқушылардың қажеттіліктері қанағаттандырылып, белсенді әдістерді қолдану арқылы тиімді кері байланыс берілді. «Сөз таптары» тақырыбындағы келесі сабақта қорытындылау мақсатында 4-ші циклды жалғастыру ұсынылды. 
14.02 – 23.02.2022 ж. аралығында 2 «А»сыныбында қазақ тілі пәнінен Lesson study ұйымдастырылды. 4 циклды құраған аталған зерттеу сабағы қорытындыланды.
Циклдар барысында оқушылардың қажеттіліктері анықталып, белсенді әдістер көбірек ұсынылды. Атап айтқанды: «Тәтті алма» Шаттық шеңбері арқылы Алдыңғы оқу кезеңі сәтті жүргізіле бастады.
«Ізімнен жаңылма» ойыны арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп, бекітуде оқушылар аса белсенділік танытты. «Аралардың ұяшығы» алған жаңа білімдерін бекітуде оң нәтиже көрсетті. Пән мұғалімі Жұмасиянова Ж.Б. аталған қадамдарды жүйелі түрде қолданып, оң тәжірибеге енгізу ұсынылды.