Тәлімгерлік үдеріс барысындағы зерттеу сабағы
Тәлімгерлік үдеріс барысындағы зерттеу сабағы
Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде қараша айының екінші декадасында жас маманды қолдау барысындағы зерттеу сабақтары (Lesson study) жүргізіле бастады. Жас маман - Канатов А.К., тәлімгері Магзумов М.Д.
2021-2022 оқу жылының бірінші тоқсаны аяқталып, нәтижелері қорытындыланды. Білім үрдісін алдыңғы уақытта тиімді ұйымдастыру мақсатында ұстаздар қатарынан 6 фокус топ құрылды. Солардың 1 фокус тобы тәлімгерлік үдерісті белсендіру мақсатында құрылып, зерттеу сабақтарын бастап кетті. Тәжірибелі ұстаздардан құралған зерттеуші топ (м. д. оқу ісі жөніндегі орынбасары Сайфулин С.М., дене шынықтыру пәннің мұғалімдері Магзумов М.Д., Тайырбеков Т.Д., АӘД пәні мұғалімі Сарсенбин Б.М.) оқушылардың қажеттіліктерін анықтап, жас маманға тиімді тәжірибе ұсынады деп сенеміз.

