22
сентябрь
2021
«Тіл білімінің атасы»
22.09.21 күні қазақ тілі мен тарих пәндері апталығы аясында «Тіл білімінің атасы» Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жылдық мерейтойына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахиянова А. М. 10- сынып оқушыларымен "Ахмет Байтұрсынов және қазақ қоғамы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оқушылар А. Байтұрсыновтың өмірбаянымен, қоғамдық қызметімен, шығармашылық мұрасымен кеңінен танысып білімдерін толықтырды. Ақын -жазушылардың А.Байтурсынов туралы жазған пікірлерін оқып, өзара ой бөлісті.

