Сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі
Ұлтымыздың мақтанышы – жан-жақты талант иесі, тарихи тұлға, қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен өнері бүгінгі ұрпақ үшін де ескірмейтін үлгі, өнеге болып табылады. Міне осындай қаламгер есімі биыл біздің мектебімізге берілді. Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде ақпан айының 22-26 күндері «Сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі» атты Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығына арналған гуманитарлық пәндер апталығы өтті. Апталық барысында онлайн іс-шаралар өткізу жоспарланды. Ағылшын тілі мұғалімдері А.А.Доскина, Р.Р. Жумурбаева 3-4 сынып оқушыларымен «Who is Aimautov? атты интеллектуальдық онлайн ойын өткізді. Жас ұрпаққа Ж.Аймауытовтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы жан-жақты білім бере отырып, балалардың ой-өрісін, ағылшын тілінде ауыз-екі сөйлеу қабілетін дамыту жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өздеріне қажетті ақпараттар алып, ойынға белсене қатысты. 24-25 ақпанда қазақ тілі мұғалімдері М.Г.Сатенова, А.Ақанқызы, А.М.Рахиянова, ағылшын тілі мұғалімі А.А.Доскина 5-11 сынып оқушылары арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесін оқу сағаттарын ұйымдастырды. Онлайн-оқу сағаттарында жазушының өмір жолы, шығармашылығы туралы тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, оқушылар топпен жұмыс жасады. Олар жазушының шығармасынан алған әсерлерін, түйіндеген ойларын топтық жұмыста ортаға салып, бір-бірімен бөлісіп, қызығушылық танытты. Оқушылардың кітап оқуға құмарлығын оятуға, сөйлеу мәдениеттерін дамытуға бағытталған «Оқу сағаттары» жақсы деңгейде өтті. Сонымен қатар, шығармашылық қабілетімен көзге түскен оқушылар алғыс хаттармен марапатталды. Гуманитарлық пәндер апталығын А.Е.Улыкбекова және қазақ тілі мұғалімдері «Жүсіпбектану» сыныбының ашылу рәсімі онлайн – конференциямен қорытындылады.. Конференцияға жазушының артында қалған мол мұрасын зерттеп жүрген Шәкәрім Университетінің PHD докторы, доцент, айтыскер ақын Қарлығаш Әубәкірова және де Жүсіпбек Аймауытов өз дәуірінде білім алған қаламыздағы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің аға оқытушысы Қалиева Сара Сырымқызы қонақ болып, ұлы тұлғаларымыздың бірі - Жүсіпбек Аймауытов есімін ардақтап, құнды еңбектері мен елеулі істерін баяндап, өскелең ұрпаққа сәттілік тілеп, ықыластарын білдірді. 8 «А» сынып оқушыларына арнайы төс белгілер табысталып, «Жүсіпбектанушылар» қатарына алынды. Апталықта жоспарланған барлық іс-шаралар жоғары әдістемелік және тәрбиелік деңгейде өткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Г.Сатенова


