12
октябрь
2021
«Интернет жасөспірімдердің өзін- өзі көрсету алаңы бола алмайды» тақырыбында дебат турниры
Мектебімізде 12 қазан «Зияткер» дебат клубы ұйымдастырылған «Интернет жасөспірімдердің өзін- өзі көрсету алаңы бола алмайды» тақырыбында дебат турниры өткізілді. Мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау. Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру. Пікірсайысқа үш топ қатысып, өз ойларын ортаға салды. Қазіргі кездегі интернет желісінің қоғамға пайдасы мен зиянын аргументтермен жеткізе білді. Пікірсайыстың тәрбиелік мәні өте зор болды. Үш топқа әділ- қазы мүшелері тиісті бағасын қойып, жеңімпаздар марапатталады.


