06
май
2021
Конференция тақырыбы: «Тәуелсіздік ұрпағы: құндылықтар мен перспективалар»
Қазіргі білім беру мазмұнында болып жатқан өзгеріс-ол оқу үрдісін жаңашаландыру. Ақын Мұхтар Шахановтың «Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында үнемі сол күйсандықтың кілті жүруі керек» дегендей, ұстаз үнемі ізденісте болуы қажет.
«Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек»,- деп жазушы Жүсіпбек Аймауытов айтқандай әр сабақты тіпті әр іс-шараны жаңаша түрде өтуге ұмтылу қажеттігі туындайды. Жаңашылдық мұғалім мен оқушының шығармашылық ізденісіне мол мүмкіндік ашады.
Бұған дәлел Семей қаласындағы Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан ғылыми-тәжірибелік конференция дәлел. Ең алғаш конференция өз жұмысын осыдан 14 жыл бұрын бастау алған болатын. Міне, содан бері әр жыл дәстүрлі түрде өткізілетін конференция биыл да өз жалғасын тапты. Әлемде болып жатқан індеттің салдарынан, эпидемиялық жағдайға байланысты осы дәстүр бұзылмады. Екінші жыл қатарынан онлайн өткізілуде.
Биылғы конференцияның ерекшелігі ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 132 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Конференция тақырыбы: «Тәуелсіздік ұрпағы: құндылықтар мен перспективалар».
Конференция мақсаты: оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысу дағдысын қалыптастыру; ізденімпаздық қасиеттерін дамыту және арттыру; өз ойларын жазбаша да, ауызша да жүйелі түрде айтуға тәрбиелеу, шығармашылыққа баулу долып табылады.
Конференцияға қатысушыларға мектебімізде бірнеше жылдар директор болған, қазірде мектеп үшін әрқашанда қолдау білдіріп, қолынан келгенше көмегін аямайтын, мектеп табалдырығын аттаған әр баламен бірге қуанып, үлкен өмір жолына ақ батасын беріп, жол сілтейтін, ардагер ұстаз Жанбаев Кенжол Толешұлы өз құттықтауын білдірді.
Дәстүрлі конференцияның тұрақты қонақтары бар. Конференция 6 бағыт бойынша жүзеге асты. Әдеттегідей жас зерттеушілердің жұмысына баға беруші әділ қазылар алқасына қаламыздың ЖОО-ның оқытушы профессолар құрамы алынды. Оның ішінде осы аталған іс-шараға жыл сайын қатысатын білікті мамандар, атап айтатын болсақ:
Педагогика ғылымының кандидаты, «Электронный университет Е-Shakarim» орталығының жетекшісі Берикханова Гульсара Еженхановна;
Филология ғылымдарының кандидаты, КАЗГЮИ университетінің филология
кафедрасының доценті Гайнулина Фарида Ахметовна;
НАО «Университет имени Шакарима города Семей» «Биология» мамандығының aға оқытушысы, педагогика ғылымының магистры Жармухаметова Раушан Оразбаевна;
Қазақстан инновациялық академиясы, қазақ тілі пәні оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі Бакубаева Альмира Акановна;
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің» оқытушысы Алқанова Зәуре Сабыржановна;
Педагогика ғылымының кандидаты, СГУ им.Шакарима Кулмышева Назым Армысовна және мектеп табалдырығында зерттеушілік жұмыспен айналысып, талай додалардың жүлдесін қанжығасына байлаған мектеп түлектері де кірді.
Жүсіпбек Аймауытовтың 132 жылдығына орай оқушылар мынадай тақырыптарды өз жұмыстарына арқау етті: «Ж.Аймауытовтың « Әнші әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі» тақырыбында Шаймұран Жаннат 7 а сынып оқушысы, жетекшісі Сатенова М.Н.;
«Ж.Аймауытов шығармаларындағы пейзаждың көркемдік қызметі» тақырыбында Русланқызы Ажар 9 а сынып оқушысы, жетекшісі Рахиянова А.М.;
«Жүсіпбек Аймауытовтың психология ғылымындағы мұралары» тақырыбында Мурзакенова Іңкәр 10 а сынып оқушысы, жетекшісі Улыкбекова А.Е.;
«Ж.Аймауытов өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында Ихнова Елена 10 «Б» класс оқушысы, жетекшісі Ақанқызы А.
Онлайн-конференцияға қатысып, өз ғылыми жобасын қорғаған әр қатысушы ұлы ойшылдың шығармашылық мұрасына жаңа көзқарас қалыптастырып, жаңа қырынан танып, ғылыми тұрғыдан өзінше тың байламдар жасауға тырысты.
Балалардың ғылыми жұмыспен айналысу, ғылыми жоба жазу барысындағы тәжірибелері өсіп келе жатқандығы, қатысып отырған эксперттердің балалардың жұмыстарын жоғары бағалауынан байқауға болады.
Дәстүрлі түрде өткізіліп отырған конференция жеңімпаздары келесі оқу жылында қалалық кезеңге қатысады. Біздің мақсат: жас ғалымдарды ғылыммен айналысуға бағыт береміз, дамытамыз.
Конференцияның өзектілігі де сол - ең бастысы Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, еліміздің еңселі болуы осындай жаңашыл жастарымыздың қолында.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына, жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 132 жыл толуына арналған - онлайн өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде өткізіліп, кіл мықтылар анықталып, ризашылықпен тарасты. Жазушы мұрасын ұрпақ санасына сіңіруді көздеген іс-шара өз мәресіне жетті.