Мектеп тынысы » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
сентябрь
2018

Мектеп тынысы



     Білім беру саласында оқушылар үшін білім де, дағдылар да тең дәрежеде маңызды деген ортақ ұстаным қалыптасуда. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
    Оқу-тәрбие процесінде «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын,  «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласын және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атты жолдауын  басты бағыт ретінде пайдалана отырып, оқытудың заманауи үлгісін қалыптастыру біздің кезек күттірмес міндеттеріміз.  Осы бағытта мектебіміздің даму жоспарын бекіту мақсатында жиырма екінші қыркүйек күні шығармашылық топтың отырысы болып өтті.Отырыс барысында мектеп директоры Баитунов Д.Е. оқушылардың білім сапасын арттыру, оқыту мен оқудағы қолданылатын әдіс – тәсілдері қолдану жүйесін  жетілдіруге және дамытуға байланысты 2018-2019 оқу жылындағы алдымызға қойылған мақсат-міндеттер жайлы атап өтті.
     Осы мақсаттар негізінде мектебіміздің 2018-2019 оқу жылына негізделген даму жоспары әзірленіп, шығармашылық топтың талқылауына түсті.Оқу ісінің меңгерушісі Сайфулин С.М. ІІІ бағытқа негізделген мектептің даму жоспары жайлы баяндама жасады. Өткен оқу жылының қорытындысы және  сауалнамалар негізінде анықталған  бағыттар мектептің даму жоспарында көрініс тапты. Нәтижесінде «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту мен оқудағы тиімді әдістерді енгізе отырып білім сапасын көтеру» бағыты айқындалды.Кашникова Е.В. , Кырыкбаева А.С. Хасенов К.М. сынды шығармашыл ұстаздар ұсыныстар енгізіп, даму жоспарының негізгі бағыттарын толықтырды.Қолжетімді, нақты мақсаттар қойылып, нәтижеге жету жолдары белгіленді.Әріптестерімізге сәттілік тілейміз.