Көше жарнамаларын латын қарпымен жазу » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Көше жарнамаларын латын қарпымен жазу
28
сентябрь
2018

Көше жарнамаларын латын қарпымен жазу

 

Көше жарнамаларын латын қарпымен жазу

 

 

 
Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жыл­ға  дейін  латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көші­ру­дің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті. Ендеше  бұл, кезек күттірмейтін өзекті мәселе.

       Бұқаралық ақпарат деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда.  Бұл дегеніміз – білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады дегенді білідерді.  Демек, латын әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды роль атқаратыны сөзсіз.

      Түркітектес халықтар тілінде латын әліпбиі 1926 жылдан бастап қолданылады. Латын әліпбиін алғаш қолданысқа енгізгендердің бірі – Түркия мемлекеті. Біздің елде ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялылары латын әліпбиіне көшу мәселесін көтерді. Қазақ тілінің табиғатына сай әліпби үлгісін жасап, қолданысқа енгізген болатын. Қазақ тіл білімінің, әліпбиінің негізін салған бірегей ғалым А.Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық», - деген болатын.  

    Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әрбір мекеме, ұйымдарда  іс-шаралар ұйымдастырылуда.

     Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі  қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылып жатыр.  Әлі де айтылады.

    Ал осы латын әліпбиіне көшуді алдымен қарапайым халық түсініп, жылдам қабылдайтындай ету үшін не істеу керекпіз? Ол үшін көше  жарнамаларын көшіруден бастау керек сияқты.  Негізінде көше жарнамаларының латын тіліне ауысуы туралы ой маған ойламаған жерден келді.  Яғни, мен қазақ тілінің латын тіліне ауысуы туралы көп ойландым. Ал сосын мен өзіме сұрақ қойдым: «Ал егер біз көше жарнамаларын латын тілінде жазсақ қалай болады екен?». Содан кейін  мен осы сұраққа жауап іздей бастадым. Біз қалада жүргенде көптеген әртүрлі жарнамаларды көреміз. Егер біз оларды латын тілінде оқитын болсақ, онда келешекте қазақ тілі латын тіліне ауысқанда бізге латын тілін үйренуімізге оңайрақ болады.

    Біз қалада жарнамаларды көптеп кездестіреміз. Сол себептен менің ойымша сол жарнамалар жарқын, көзге тез ілінетін, әдемірек, қазіргі кездегі жарнамаларға қарағанда қызықтырақ болса екен деймін. Сондай-ақ ең бастысы біз қазіргі тұнып тұрған қате жарнамаларды сауатты жазушы едік. Егер ойланып қараса, жарнамалар көшелерге, қалаға, көрік береді. Олар жарқын болған сайын қала да жарқын бола түседі.

   Қазіргі уақытта қазақ тілінің латын тіліне ауысуына кейбір адамдар қарсылық білдірсе, ал кейбіреулері керісінше қолдап, бұны дұрыс деп санайды. Мен де осы ойды құптаймын. Себебі, біздің еліміз одан әрі дами түседі, біршама өзгерістер енгізіледі. 

   Менің ойымша,  көше жарнамаларының латын әліпбиіне өтуі еліміздің бай мәдениетімен, мұрасымен көптеген шетелдік оқырмандардың терең танысуына жол ашады.  Ал, жастар үшін әлем кеңістігі, дамыған елдердің мол жинақталған техникалық, әдеби тағы басқа туындыларын  түп нұсқада оқуға жол ашылады. Біз қай жерде болмасақта латын жарнамалардан латын тілінде жазылған сөздерді көріп отырып, өз-өзімізді болашаққа дайындаймыз. Болашақ біздердің қолымызда дейтін болсақ, онда бүгіннен бастау алғанымыз жөн болар еді. Мен осы орайда өз құрбыларымды, қатарластарымды дәл бүгіннен қалтырмай латын әліпбиін өз бетімізше меңгере беруге шақырамын.

 

Пригород ЖОББМ 8 А сынып оқушысы Айдарханова Аружан

Жетекшілері: Журсумбаева Г.С., Улыкбекова А.Е.

 

 


     


  
 

Похожие публикации:

24 сентябрь 2018 Мектеп тынысы