26
сентябрь
2022
№1 Әдістемелік кеңес отырысы
Бүгін, 26.09 мектебіміздің әдістемелік кеңесі өз жұмысын бастап, алғашқы отырысын өткізді. Тақырыбы: «2021/2022 оқу жылындағы мектептің ҒӘК жұмысын талдау, алдағы жоспар, міндеттер».
Директордың ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары Сайфулин С.М. өткен оқу жылы нәтижесі бойынша шолу жасап, алдағы міндет, мақсаттармен таныстырды.ӘБ жетекшілері Агибаева А.К., Кашникова Е.В., Сатенова М.Г., Аубакирова А.А., Сарсенбин Б.М. және кеңес мүшелері қатысқан отырыста 2022-2023 оқу жылына арналған ғылыми-әдістемелік жұмыстар талқыланып, нақты жоспарлар қабылданды.Кеңес мүшелері ұсынған тиімді қадамдар жұмыс кестесіне енгізілді.Әріптестерімізге оқу мен тәрбие үрдісінде сәттілік тілейміз!

