17
март
2019
Тиімді әдістемелік семинар




Пригород жалпы орта білім беретін мектебінде ақпанның 28-і күні желілік қоғамдастық аясында және магниттік мектептер арасында қалалық «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында рухани жаңғыру арқылы мектептермен байланыс орнату және мектептер арасында кәсіби даму жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.
«Білім мазмұнын жаңарту жағдайында рухани жаңғыру арқылы мектептермен байланыс орнату және мектептер арасында кәсіби даму жұмысын ұйымдастыру» тақырыбындағы әдістемелік семинардың негізгі мақсаттарының бірі – жаңа білім мазмұны жағдайындағы тиімді тәжірибені ортаға салу және дамуға бағыттайтын ортақ қадамдарды анықтау.
Семинар қонақтарды жылы лебізімен қарсы алып, психологиялық оң ахуал туғызудан бастау алып, «Шеберлік алаңдары» арқылы мектебімізбен таныстырумен жалғасын тапты. «Шебер қолдар» шығармашылық көрмесі, «Абай жолы» көрмесі, «Ғылыми жоба» көрмесі, «Жұлдыздар әлемі», мектеп кітапханасы, «Робототехника алаңы» , мектеп мұражайы жұмыстарымен танысқан семинар қатысушылары жүйелі жұмыстың біршама жетістіктерімен қызыға танысты.
Семинардың ашылу салтанатынан кейін пленарлық бөлімде мектеп директоры Баитунов Д.Е. мектеп тарихы мен қазіргі таңдағы даму көрстеткіштері жайында баяндама жасады. «МДЖ» аясындағы жұмыстармен ОТІ орынбасары Сайфулин С.М. таныстырылым жасады.
Секциялық бөлім үш бағытта жүргізілді. «Адамзаттың Абайы, көңілдің сарайы», «Төртбұрыштар мен үшбұрыштар аудандарына есеп шығару» тақырыбындағы ашық сабақтарды және «Жаңалыққа бастаған – жаңартылған бағдарлама» атты коучингті мектебіміздің шебер, жаңашыл ұстаздары Калденова А.С., Кырыкбаева А.С., Улыкбекова А.Е. тиімді жүргізді.Сабақтарға талдау жасалып, кері байланыс берілді.
Семинар аясында ашылған «Абай әлеміне саяхат» клубының жас мүшелері семинар қонақтарын өз шығармашылықтарымен тәнті етті.Барлық іс-шараларға әріптестеріміз бір кісідей ат салысып, жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетті. Әріптестеріме мың алғыс!!!!
Семинар аясында ашылған «Абай әлеміне саяхат» клубының жас мүшелері семинар қонақтарын өз шығармашылықтарымен тәнті етті.Барлық іс-шараларға әріптестеріміз бір кісідей ат салысып, жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетті. Әріптестеріме мың алғыс!!!!