30
сентябрь
2022
Денсаулық күні
Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде жоспарға сай салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 30.09.22 күні Денсаулык фестивалі өткізілді. Оқушылар фестивальдің басында бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен жаттығу жасап,флешмоб биледі.Денешынықтыру пәнінің мұғалімдері шара барысымен таныстырды.. 5-7-сынып оқушылары ұлттық ойын ойнап, күш сынасса, 8-11-сынып балалары эстафеталық жарыстар өткізіп, волейбол ойнады. Шара сонында белсенділік танытып, жаксы нәтиже көрсеткен оқушылар мен топтар марапатталды. Денсаулық күніне арналған денсаулық фестивалі өз деңгейінде өтті.