«Тіл – Тәуелсіздік пен татулықтың тірегі» » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сентябрь
2021

«Тіл – Тәуелсіздік пен татулықтың тірегі»

        Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде  қыркүйек   айының  20-24  күндері «Тіл – Тәуелсіздік пен татулықтың тірегі» атты  қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндері апталығы  өтті. Апталық барысында   іс-шаралар жоспарға  сай өткізілді. Апталықтың ашылуы Қазақстан халқы тілдері күніне арналған бейне лездемеден басталды. 

Тарих пәнінің мұғалімі С.М. Мырзабекова 21.09.21 ж. 8-9 сынып  оқушыларымен   қасіреті мол Семей полигоны  жабылуының 30 жылдығына арналған Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәлімет беру мақсатында "Семей полигоны-тарихтың қасіретті беттері"атты дөңгелек үстел өткізді. Оқушылар өзара пікір алысып, қызығушылық танытып, белсене қатысты.


22.09.21 күні  «Тіл білімінің атасы» Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жылдық мерейтойына   орай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахиянова А. М.  10- сынып  оқушыларымен "Ахмет Байтұрсынов  және қазақ қоғамы" тақырыбында  дөңгелек   үстел  өткізді.  Оқушылар А. Байтұрсыновтың өмірбаянымен, қоғамдық  қызметімен,  шығармашылық   мұрасымен кеңінен  танысып, білімдерін толықтырды.                                  

 Ақын -жазушылардың  А.Байтурсынов туралы жазған пікірлерін оқып, өзара ой   бөлісті.

23.09.21 күні 9 «А» сынып "Жүсіпбектанушылармен"  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Е.Улыкбекова  "Жарық жұлдызды Жүсіпбек" зияткерлік сайысын өткізді. Жүсіпбек Аймауытовтың өмірбаянымен кеңінен танысып, көркем шығармаларын оқып қана қоймай, алған ақпараттарын қолдана алуы мақсатында ұйымдастырылған сайыс өте қызықты өтті. Сайыс барысында АКТ құралдары тиімді қолданылды. Іс-шара барысында тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар  топпен  жұмыс жасады. Олар өздерінің түйіндеген  ойларын топтық  жұмыста ортаға салып, бір-бірімен бөлісіп, қызығушылық танытты.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Г.Сатенова бастауыш 2-4 сынып оқушылары  арасында   Жүсіпбек А  "Халқым  деп соққан жүрегі" атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Сайыскерлер  Жүсіпбек Аймауытовтың  өмір жолымен таныса отырып, өздерінің көркем сөз оқу өнерлерін көрсете алды. Оқушылардың  өлеңді   мәнерлеп оқу  құмарлығын  оятуға, сахна   мәдениеттерін  дамытуға  бағытталған   іс-шара жақсы деңгейде өтті. 

Апталық   барысында тіл мұғалімдері Ыбырай Алтынсариннің еңбектерін насихаттау мақсатында (Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай) диктант жұмыстарын жүргізіп, нәтижесін жариялады. Кітапханашы А.Е.Ермекова 1-11 сынып оқушыларына мектеп кітапханасында  «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты   көрме ұйымдастырып, оқушылардың  кітап оқуға құмарлығын оятуға, сөйлеу мәдениеттерін дамытуға бағытталған   «Оқу  сағаттары»  өткізді. Апталықта жоспарланған барлық іс-шаралар жоғары әдістемелік және  тәрбиелік   деңгейде  өткізілді. 

ӘБ жетекшісі: М.Г.Сатенова