«Үш бәйтерек – Үш ғұмыр» атты әдеби кеш өтті. » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үш бәйтерек – Үш ғұмыр» атты әдеби кеш өтті.
30
октябрь
2024

«Үш бәйтерек – Үш ғұмыр» атты әдеби кеш өтті.

30 қазан кітапханамызда қазақ жұртының 20  ғасыр басындағы ақыл ойы, көрер көзі, қазақ әдебиетіне айтулы үлес қосқан, ұлт руханиятын даңқты туындыларымен байтақ Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 130 жыл толуына арналған «Үш бәйтерек – Үш ғұмыр» атты әдеби кеш өтті. 

Мақсаты: ұлағатты адамдардың өмірі мен шығармашылық жолын жастарға ұғындыру, азаматтық тұлғасын таныту, ұлыларымыздың шығармаларын көпшілікке таныстырып, олардың рухын, түсінік-танымын бүгінгі ұрпақтың есіне мәңгі қалдыру, жастар арасында ұлттық құндылықтарды   насихаттау. 

1894-1938 жылдар аралығында қатар өмір сүрген қоғам қайраткерлерінің өмірбаянымен таныстырып, шығармашылығынан үзінді оқылды. Соңында  жазушылардың өмірі мен шығармаларынан викториналық сұрақтарға жауап берді.