Абай мұражайында » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ноябрь
2022

Абай мұражайында

2022 жылдың 11 қарашасы күні мектеп жоспары негізінде Ж.Аймауытов атындағы ЖООББМ мен Абай мұражайы арасындағы серіктестік аясында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сатенова М.Г. «Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы.Семей тарихындағы орны» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара 9 сынып оқушыларымен Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайының «Абайтану» залында өткізілді. Дөңгелек үстел қонағы ретінде  Абай мұражайының аға ғылыми қызметкері Г.Т.Бейсембинова қатысып, Ж.Аймауытовты  абайтанушы ретінде таныстырып өтті.  Дөңгелек үстел барысында оқушыларға Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы қосымша мәліметтер беріліп, өзара сұхбаттасу, пікір алмасу орын алды. Оқушылар мұражайда өткізілген сабақтан ерекше әсер алып, белсене қатысты.