"Тәуелсіздік – ел мұраты" » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
декабрь
2024

"Тәуелсіздік – ел мұраты"

"Балалар кітапханасы" жобасы аясында Тәуелсіздігіміздің 33 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. "Тәуелсіздік – ел мұраты" атты кітап көрмесі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған маңызды мәдени шаралардың бірі. Бұл көрме ел тарихын, тәуелсіздікке жету жолындағы ұлы тұлғалар мен оқиғаларды, сондай-ақ қазіргі заманғы жетістіктерді насихаттауды мақсат етеді. 

      Көрменің басты мақсаты: Оқушыларға еліміздің тарихы туралы мағлұмат беру. Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу. Көрмеге " Тәуелсіздік шежіресі", "Еуразия жүрегімде", "Лидер", "Тәуелсіздік белестері", журналдар, кітаптар қойылып желтоқсанға қатысушылардың өмірбаяны мен тәуелсіздік жолындағы күресі жайлы толық ақпаратты кюар код арқылы таныса алды. Оқушылар көрмедегі кітаптармен танысып, өз ойларын еркін айтып, пайдалы ақпарат алды.


Көрмеде келесі тақырыптарға арналған кітаптар мен материалдар қойылды:

ü  Қазақстанның тәуелсіздікке жету тарихы – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы, егемендік алу, 1991 жылғы тарихи шешімдер.

  • Елбасылар мен қайраткерлердің еңбектері – Нұрсұлтан Назарбаевтың, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты тұлғалардың еңбектері.
  • Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер – экономика, мәдениет, білім, ғылым және халықаралық байланыстар саласындағы табыстар.

ü  Мемлекеттік рәміздер және ұлттық құндылықтар – ту, елтаңба, әнұран туралы кітаптар мен деректер.