Мектептегі экология » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
февраль
2020

Мектептегі экология

2020 жылы 11 ақпанда Пригород жалпы орта білім беретін мектебіне экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің сарапшысы Т.Н. Немцан., «Центр семьи» ҚҚ президенті Ж.Ж. Жибраева., «Центр семьи» ҚҚ атқарушы директоры Л.М. Асташкина келіп, ұжымның экологиялық тәрбие бойынша жұмысымен танысты.  

Мектептің қонақтарына «Мектептегі экология» тақырыбында экологиялық тәрбие бойынша бағдарлама ұсынылды, оған мектеп және қала деңгейлеріндегі қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жүйесі кіреді.

9-10 сынып оқушылары Абайдың табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы 38 қара сөзін  үш тілде оқыды.

2020 жыл - елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Волонтерлар жылы» деп жарияланғанын баршамыз білеміз.

Бұл бастама мектебіміздің педагогтер ұжымы тарапынан қолдау тауып, оқу жылының басында мектепте әртүрлі бағыттағы волонтерлар қозғалысы ұйымдастырылды, оған мектептің барлық оқушылары қатысты. Осы кездесуде біздің орта буындағы еріктілеріміздің жұмысы таныстырылды. Қонақтар алдында кішкентай еріктілер - экологиялық бағыттағы 5Б сынып оқушылары сөз сөйледі.

Біздің оқушыларымыздың «Березовский кентіндегі көл-суларының органолептикалық қасиеттерін зерттеу» экологиялық тақырыбындағы көрсеткен жобалары қонақтарды таң қалдырды -   10 «А» сынып оқушысы Амангалиева Тогжан, «Муравьи: санитары мира» - 3 «Б» сынып оқушысы Шмидт Владислав., «Маршрут выходного дня» - 5  «Б» сынып оқушылары Обуховская Диана мен Исаханова Сабрина, «Березовский кентінің топырақ үлгілері» - 5 «А» сынып оқушысы Турсынгалиев Ерасыл. Олар жобалардың тақырыптары – біздің аймақтың проблемаларын қозғайтын, өте өзекті тақырыптар екендігін атап өтті. Әлеуметтік желілерде жұмысты жылжыту бойынша ұсыныстар берілді.

Бастауыш сынып оқушылары ата-аналармен және мұғалімдермен бірге «Углеродный след в нашей жизни» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды, оның нәтижесі ауыл тұрғындарына «Ауылымызды ұрпақтарға сақтайық» үндеуін жасау болды.

Мектебіміздің қонақтары биологиялық орталықпен бірлесе отырып мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары ұйымдастырған «Тірі бұрыш» пен мектеп жылыжайына барды.