18
декабрь
2018
«Пригород жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тарихы
Мектеп
бастапқыда 3 классты болып тұрғын үй кешенінде ашылды. Семипалатинск
қалалық Жарма аудандық еңбекші депутаттар атқару комитетінің 19 июнь 1973
ж №
II-149 шешімімен Птицафабрика поселкесіндегі бастауыш мектеп 8 жылдық
мектеп болып қайта жасақталды.
Жаңасемей ауданының Птицафабрика жұмысшылар поселкесінде 392
оқушы орнына арналған оқу кабинеттерімен жабдықталған 8 жылдық типтік мектеп
салынды. Мектепке 30 мың сом көлемінде қажетті техникалық жабдықтар, көрнекілік
құралдар сатылып алынды.1973 жығы 1 июнь қарсаңында 1-7 кластар оқушылары
144 адамды құрап, 1973 жылы 1-
қыркүйекте мектеп құрамын жасақтауға ықпал етті.Пригород жалпы білім беретін мектебінің
алғашқы директоры Питайчук М.М. болып тағайындалған.
16 апрель 2004 жылы № 01-04/265 бұйрығы
бойынша негізгі білім беретін
мектептерді жалпы білім беретін мектепке ауыстыру туралы шешім қабылданып,
Пригород негізгі білім беретін мектеп 11 жылдық мектепке ауысты.Сол жылдардан
бастап мектеп қарқынды жұмыс істеп келеді.
Әр жылдарда мектеп басшылығын Жанбаев К.Т.,Тегай Н.В. атқарып,
талай шәкірттерді, мектеп ұстаздарын тәрбиелеп шығарды.
2007 жылы «Облыстың үздік
мектебі» номинациясын жеңіп алды. Қазіргі таңға дейін оқушылар нәтижелі біліммен тәрбие алуда.
Қазіргі таңда Баитунов Д.Е. басшылығындағы Пригород жалпы
білім беретін метебінде 283 шәкірт нәтижелі білім алуда.Жоғарғы санатты-18,бірінші
санатты-4, екінші санатты-6 мұғалім білім беруде.
Мектепте жаңартылған білім беру мазмұнына байланыстыМәңгілік
ел, физика, робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Сонымен қатар мектепте
облыстық, республикалық дәрежеде оқушылардың жетістіктері айтарлықтай үздік нәтиже
көрсетуде. Орынбасаров Ильяс республикалық
білім жетілдіру сертификатының иегері-2016.Республикалық ғылыми жоба сайысында
Овчараов Денис«Выращивание культурных растений нетрадицонными методами»
тақырыбымен 3 орын иегері атанды.Мектептің
даму жоспарына сәйкес мектеп ұжымы нәтижеге бағытталған жүйелі
іс-шараларды тиімді жүзеге атқаруда.
Мектебіміз қала мектептерімен, университеттерімен және
шығармашылық үйлерімен тығыз қарым-қатынаста нәтижелі жұмыс істеуде.
«Пригород»
атауының мектептің жүйелі дамуына, қалалық бірлестіктермен шығармашылық жұмыс
жасауына кедергілер, артық ыңғайсыздықтар туғызуда. Мектеп атауын өзгерту
өзекті мәселе деп санаймыз.