«Тіл-Тәуелсіздік пен татулықтың тірегі» » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Тіл-Тәуелсіздік пен татулықтың тірегі»
19
сентябрь
2022

«Тіл-Тәуелсіздік пен татулықтың тірегі»

Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. 

Оқушылардың  мемлекеттік  тіліне  деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін  ояту  мақсатында   бүгін  мектебімізде Тілдер күніне арналған «Тіл-Тәуелсіздік пен татулықтың тірегі» атты апталықтың ашылуына арналған лездеме өтті. Аталған іс-шарада   оқушылардың дайындаған  бейнеролик шығармашылық  жұмысы    көрсетілді.                                    Амантайқызы Айназ, Охрименко Анастасия,  Губайдулин Темирлан үш тілде мәнерлеп өлең оқып,  5-сынып оқушылары «Бірлігіміз жарасқан» әнін орындап,  өнерпаздық  шеберліктерін  байқатты. Лездеме барысында  оқушыларды биылғы  оқу жылының   атаулы күндерімен, сонымен қатар  апталық  жоспарымен таныстырылды.