31
март
2023
«Наурыз - көктем, жыр - думан»
31 наурыз күні мектебіміздің әдістемелік пән бірлестіктерінің және ата-аналар қауымы мен оқушылардың атсалысуымен «Наурыз - көктем, жыр - думан» атты мектепішілік сазды – танымдық іс-шара өткізілді. Ұстаздар мен оқушылар құлшыныс танытқан мерекелік іс- шара өзгеше бояумен әрленіп, жиналғандарға айрықша көңіл-күй сыйлады. Ұйымдастырылған арнайы бағдарлама аясында «Достық», «Абай», «Көк бөрі», «Мұхтар», «Бірлік» ауылдары өзара сайысқа түсті.
Сайыс төрт бөлімнен тұрды:
1.Таныстыру
2. Ұлттық өнер
3. Ұлттық салт дәстүрді сахналап көрсету
4. Ұлттық киімдер мен тағамдар дефилесі
Әр ауыл ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты салт-жоралғылар жасап, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері жан-жақты насихатталды. Мәдени іс - шара соңында жеңіске жеткен ауылдар марапатқа ие болды. Мерекеге қатысқан барлық ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар жақсы көңіл-күймен тарқасты.