28
апрель
2023
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. «Ырыс қайда барасың, Ынтымағы жарасқан елге барамын» деген ұлағатты сөзді ту еткен халқымыз береке-бірлік пен ынтымақтың арқасында талай қиындықты еңсеріп, жеңісті жолмен жүріп келеді. Елімізде бұл мереке – патриотизм мен адалдық мейрамы ретінде қабылданады.
"Заманауи сынып жетекшінің педагогикалық шеберлігі" атты сынып жетекшілер апталығының бесінші күні – Ұлттық тәрбие күніне арналды . Мақсаты: жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, мемлекеттік тілге, Қазақстан халқының мәдениетіне құрмет көрсетуге бағыттау. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында сынып жетекшілері «Ынтымағы жарасқан көпұлтты Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. С.М.Мырзабекова және 0-4 сынып жетекшілері «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты сурет көрмесін, М.А.Есенбердина «Достығымыз жарасқан!» құттықтау челленджін ұйымдастырды. А.С.Аубакирова, Р.Р. Жумурбаеваның ұйымдастыруымен 0-11 сыныптары арасында «Бейбітшілік – ел тілегі» фестивальі өткізілді. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған мектебіміз үшін бұл мейрамның орны ерекше. Мейрамға әр сынып ұжымы белсене атсалысты. Оқушылар өзге ұлттардың мәдениеті, әдет-ғұрыптары және салт-дәстүрлерімен танысып, ұлттық тағамдарынан дәм татып, ұлттық киімдерін тамашалауға мүмкіндік алды. Көңілді әрі мағыналы өткізілген мейрам оқушыларға жағымды әсер қалдырды.