"Жас Аймауытовшылар"
Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдарының 30 жылдық мерейтойына және Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 133 жыл толуына орай мектебімізде «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образы» атты оқушылардың ғылыми - тәжірибелік конференциясының қарсаңында, 1-сынып оқушылары "Жас Аймауытовшылар" қатарына қабылданды. Мақсаты: жазушы, публицист, аудармашы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен қызметін, шығармаларын жас жеткіншектердің бойына сіңіріп, білімді де білікті тұлға қалыптастыру. Биылғы оқу жылында 1 "а" сыныбында 24 оқушы, 1 "б" сыныбында 23 оқушы болса, осы оқушылардың барлығына төсбелгі тағылды. Төсбелгіні тағушылар "Жүсіпбектану" сыныбының озат оқушылары. Жүсіпбектану сыныбының оқушылары кішкентай бүлдіршіндерге ақ тілектерін айтып, жазушының әңгімелерінен үзінділер оқыды.



