Педагогикалық кеңес
2026 жылғы 6 қаңтарда «Ж. Аймауытов атындағы ЖОББМ» КММ-де педагогикалық кеңес өткізілді.
Педагогикалық кеңесте білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қарастырылды. Кеңес күн тәртібіне сәйкес үш негізгі сұрақты қамтыды.
Алғашқы мәселе ретінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының іске асырылуы талқыланды. ДТІЖО А.Д.Слямбекова бағдарламаны жүзеге асыру барысында кездесіп отырған өзекті мәселелерге тоқталып, оны жетілдіру жолдарын ұсынды. Жоба жетекшілері мектептегі жоба аясында өткізілген шараларға сараптама жасап, туындаған қиындықтарды да атап өтті. Бағдарламаны тиімді жүзеге асыру үшін тәрбиелік іс-шаралардың мазмұнын жаңарту мақсатында ІІ жартыжылдықтың жоспары талқыланды.
Келесі мәселе 2025–2026 оқу жылының екінші тоқсанындағы оқу жетістіктерінің мониторингі болды. Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Кырыкбаева А.С. білім алушылардың үлгерім деңгейіне талдау жасап, оң нәтижелер мен шешуді қажет ететін тұстарды атап өтті. Мониторинг қорытындысы бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар берілді.
Кеңестің соңғы бөлімі «Әр түрлі» мәселелерге арналды. Бұл бөлімде педагогтер өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, алдағы оқу кезеңіне қойылатын міндеттер нақтыланды.
Педагогикалық кеңес қорытындысында мектеп директоры С.Максутканулы білім беру сапасын жетілдіру, тәрбиелік жұмыстарды жүйелі жүргізу және оқу жетістіктерін тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.


