22
февраль
2023
Үзілістердегі «1001 мақал, 101 жұмбақ» ойындары
16.02. Гуманитарлық пәндер бірлестігінің «Тіл – менің ертеңімнің сәулесі» атты апталығының 3-күні таңғы «1001 мақал, 101 жұмбақ» ойынымен басталды. Сабаққа келген әр оқушы мен мұғалім мақал-мәтел мен жұмбақтардан жасырынған сұрақтарға жауап берді. Әр күнді асыға тосатын оқушылар бүгін де асыға қатысты. Сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде жұптар арасында «Қара жорға» биінен батл ұйымдастырылып, балалар бір серпіліп қалды. Және 5-6-сыныптар арасында үстел ойыны өткізілді. Оқушылар салт-дәстүр, ырым-тыйымдар, логикалық сұрақтар мен отбасылық дәстүрге қатысты ән-жырларға қатысты сұрақтарға жауап беру арқылы сайысты. Оқушылар үшін қызықты болғаны олардың тағы да осындай ойындардың өткізілгенін қалайтындығын айтып тарқасқаны болды.