Гумантарлық пәндер ӘБ «Тіл - менің ертеңімнің сәулесі» тақырыбындағы онкүндік бастау алды » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Гумантарлық пәндер ӘБ «Тіл - менің ертеңімнің сәулесі» тақырыбындағы онкүндік бастау алды
14
февраль
2023

Гумантарлық пәндер ӘБ «Тіл - менің ертеңімнің сәулесі» тақырыбындағы онкүндік бастау алды

Тәрбие басы – тіл. Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. 14.02.2023 күні  мектебімізде гумантарлық пәндер ӘБ«Тіл - менің ертеңімнің сәулесі» тақырыбындағы  онкүндіктің   ашылуы  болып өтті. 

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері апталығының ашылуына орай  салтанатты лездеме өткізілді.  Лездеме барысында оқушылар онкүндікте өткізілетін іс-шаралармен танысып, тілдер туралы бейнематериалдарды  қызыға тамашалады. Іс-шара аясында оқушылардың танымдық белсенділіктерін, тілдерге деген қызығушылықтарын арттыру, сонымен қатар таңғы көтеріңкі көңіл-күй орнату мақсатында  домбыра мен қобыздың сазды  әуенімен   қарсы  алып, атаулы күндер көрмесі, «Ойлан, тап» ойыны ұйымдастырылды. Ойынға қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, тәтті сыйлықтар алды. Іс-шаралар еркін, жайлы атмосферада өтті, барлығы жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл-күйге ие болды.