Ойын өрге жетелейді » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
ноябрь
2021

Ойын өрге жетелейді

Жазушы, ақын, публицист, қоғам қайраткері, аудармашы, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың  өмірі мен шығармашылығына байланысты ақпараттар, қызықты мәліметтер, бейнебаяндар BOOKCREATER  онлайн кітабы арқылы оқушыларға таратылды.  Жазушының ұрпақтары жайлы ақпараттар оқушылар үшін тың ақпарат болды. Атақты жазушы Ғабит Мүсіреповтің: "Өз басым қазақта мұндай білімді, жан-жақты дарынды жанды әлі кездестіргенім жоқ. Мен білетін Жүсіпбек - тамаша жазушы, драматург, ақын, аудармашы, режиссер, әнші, музыкант, ғалым, көркем сынның негізін салған дарын. Оның драматургиялық шығармалары да шымыр,... көркемдік шоқтығы биік болып кеткен..."-деген екен. Міне, осындай жазушының артында қалған мол мұрасын оқушы санасына зерделей сіңдіру мақсатында  7-11 сынып оқушылары арасында KAHOOT ойыны ойнатылды. Оқушылар ойынға қызыға қатысты. Себебі сұрақтардың жауабын барлығы білгенімен де, бұл жерде жылдамдықты қажет ететін ойын еді. Ойын үлкен үзіліс арасында болды.