Lesson Study сабақты зерттеу үрдісі
Ж.Аймауытов атындағы ЖОББМ бастауыш сыныптарда Lesson Study сабақты зерттеу үрдісі ұйымдастырылуда. Қарашаның 21 күні даярлық тобының математика пәнінен «Кеңістікті бағдарлау» тақырыбында өткізілді. А.В.С тобындағы оқушылар белгіленіп, сабаққа қатысуы бақылауға алынды. Оқушылар жас ерекшелігі әртүрлі болғандықтан зейіні мен қабылдауында айырмашылық байқалды. Мұғалім сабақты ойын түрінде өткізді. А тобындағы оқушы өзінің алғырлығын көрсетсе, В тобындағы оқушыға тапсырманы бірнеше мәрте қайталау қажет болды. С тобындағы оқушы басқаларға қарағанда бойында психологиялық ерекшелік бар екенін байқадық.Зерттеу нәтижесі талқыланып, келесі циклдар сабақтарын тиімді ұйымдастыруға әдіс тәсілдер мен кеңестер берілді.Оқушылардың қажкеттіліктекрі ескерілді.
