Үштұғырлы тіл - өмір қажеттілігі
Тіл білу - байлық. Елбасы өзінің «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын. Осы қағиданы басшылыққа алып, мектебіміздің ұстаздары үш тілді еркін меңгерген, өз білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын ұрпақ тәрбиелеуге кірісіп те кетті. 2018 жылы қараша айының 29 күні мектебімізде ата-аналар және оқушылардың қатысуымен «Полиглот» тілдер орталығының ашылу рәсімі болып өтті. «Полиглот» тілдер орталығының негізгі мақсаты – үш тілді үйренуге қызығушылығы мол, бәсекеге қабілетті, болашақта көкірегі ояу, көзі ашық, әлемдік мәдениетке көзқарасы қалыптасқан азамат тәрбиелеу. Мектеп ұжымының уақыт талабына сай атқарылып жатқан игі істері ата-аналар тарапынан да қолдау тауып жатқаны көңілге қуаныш орнатады. Орталықтың ашылуында оқушылар үш тілде ән айтып, көріністер көрсетті. Ата-аналар өткізілген тренинг барысында өз ойларын ортаға салып, белсене қатысты. Тіл арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты әлемдік кеңістік пен көршілес мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас жасап, сөйлесе білу дағдыларын қалыптастыруда «Полиглот» тілдер орталығының маңызы
зор. Оқушылар мен ата-аналар және әріптестеріміз ашылған тілдер орталығына қызығушылық танытуда.
Семей қаласы, Пригород жалпы орта білім беретін»КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Сатенова М.Г. Ақанқызы А.