«Бөбектер мектебі» » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
август
2022

«Бөбектер мектебі»

«Бөбектер мектебі» жұмысын бастауда


Жүсіпбек Аймауытов атындағы ЖОББ мектебінің 1-сынып оқушыларының мектепке бейімдеу мақсатында 2022 жылдың 15 тамызынан бастап «Бөбектер мектебі» жұмыс жасауда. Мақсаты: оқушылардың мектеп өміріне бейімделуіне жағдай жасау. Мектепке бейімделу - бұл әр бірінші сынып оқушысы өз тәжірибесінде бастан өткізіп, жаңа жағдайларға бейімделу процесі. Баланың мектепке бейімделу кезеңі 2-3 аптадан алты айға дейін созылады. Бұл көптеген факторларға байланысты: баланың жеке ерекшеліктері, оқу орны типі, білім беру бағдарламаларының күрделілік деңгейі, баланың мектепке дайындығы және т.б. туыстарының - аналардың, әкелердің, ата-әжелердің қолдауы өте маңызды.

Сынып жетекшілерінің сынып оқушыларымен қарым-қатынасы жақсы деңгейде, оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен келуде. Ұстаздар қолданып жүрген түрлі ойын технологиялары балалардың барлық дағдыларын дамытуға оң әсерін тигізуде.