«Отбасы-бақыт мекені» » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
октябрь
2020

«Отбасы-бақыт мекені»

"Жүсіпбек Аймауытов атындағы ЖОББМ» 2020 жылдың  15-21 қыркүйек аралығында мектепте  «Отбасы-бақыт мекені» атты Отбасы апталығы  өткізілді.

Мақсаты:  отбасыға құндылық қатынасты тәрбиелеу; отбасылық қарым-қатынастың оң тәжірибесін қалыптастыру және мектеп пен отбасы арасында жемісті ынтымақтастық орнату болып табылады. Педагогтердің негізгі міндеттерінің бірі ынтымақтастықты нығайту және отбасымен позитивті қарым — қатынас алаңын кеңейту, ата — аналарды мектептің тәрбие процесіне тарту, "ата-аналар-балалар-мұғалімдер"бірыңғай тәрбие кеңістігін құру болып табылады. 

Отбасы күніне арналған апта әлеуметтік орталықта беделді ата-аналардың, танымал адамдардың, түлектердің қатысуымен онлайн құттықтаулармен басталды. 1-4 сыныптар арасында "Отбасының сүйікті тағамы", "Менің отбасымның отбасылық дәстүрлері"атты бейнероликтер байқауы өтті. 

1 сыныпқа арналған онлайн әңгімелер өткізілді, онда балаларға отбасы деген не және ол неден тұратыны туралы айтылды. 

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде #менің отбасым, #моясемья, #семья, #отбасым 2020, # деньсемьи 2020 челлендждері өткізілді, онда балалар отбасы туралы білімдерін тереңдетті, гүлденген және толық, отбасында әрдайым және барлық уақытта махаббат, мейірімділік, өзара түсіністік және құрмет, әрбір адамның өз отбасы болуы тиіс екендігі туралы  білді. 17.09.2020 жылы онлайн ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысына қатысқан ата-аналардың жалпы саны : 134.