Жаттығу сабағы «Өрт кезіндегі оқушылардың, педагогикалық ұжымның іс-қимылдары» » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаттығу сабағы «Өрт кезіндегі оқушылардың, педагогикалық ұжымның іс-қимылдары»
30
январь
2019

Жаттығу сабағы «Өрт кезіндегі оқушылардың, педагогикалық ұжымның іс-қимылдары»

30 қаңтар күні Пригород жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары және мұғалімдері ұжымымен азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жоспарына сәйкес Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері аға лейтенанттар Е.Е. Абдрахманов пен А.Е. Сампиров оқу-үйрету сабақтарын өткізді.
Жаттығу сабағы «Өрт кезіндегі оқушылардың, педагогикалық ұжымның іс-қимылдары» тақырыбында өтіп, сабақ барысында төтенше жағдайлар басқарма мамандары әркімнің өрт кезіндегі іс-қимылдарын видеофильмдер арқылы көрсетіп, өрт сөндіру құралдары, дабыл қондырғылары туралы айтып және көрсетіп шықты. Басқарма мамандары оқушылар және мұғалімдер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өрт-іс қимылдары жөніндегі жаднама таратылды. Мектептің азаматтық қорғаныс жөніндегі штаб бастығы Журсумбаева Г.С. және осы іс-шараға жауапты АӘД пәнінің мұғалімі Сарсенбин Б.М. шараны қорытындылап, алдағы жоспарлар туралы айтып өтті.