04
ноябрь
2022
Мектебімізде жас мамандар арасында коучинг өткізілді
03.11.22 күні мектебімізде жас мамандар арасында коучинг өткізілді. Коучингтің бірінші кезеңінде.02.11.22 күні НЗМ ұйымдастырған жас педагогтерге арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» аймақтық форумға қатысқан жас маман Даулетқан Б.Б өзі алған әсерімен, ақпараттарымен әріптестерімен бөлісіп ортаға салды. Коучингтің екінші бөлімінде «ҚМЖ құрастыруда оқыту мақсаттарын қоя білу жолдары»» тақырыбында Сатенова М.Г. дәріс өткізіп, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты қазіргі заман талабына сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу, ұстаздарды педагогикалық жаңашылдыққа үйрету, әдістемелік көмек көрсету арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту болды. Коучинг барысында жас мамандар қызыға жұмыс істеп, өз қоржындарына толықтыра алды.



