Тәлімгерлік (менторство)
Біздің Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттырудың жүйелі тәсілі қолданылып келеді. Бұл жас маманның оқу мен тәрбие үрдісіне тез бейімделуіне, өз күшіне деген сенімсіздіктің алдын алуға, педагогикалық процестің сәтті қарым-қатынасын реттеуге, өзінің дербестігін танытуға және дербес кәсіби траекториясын қалыптастыруды бастауға мүмкіндік береді.Осы мақсаттарға жету барысындағы жұмыстар жалғасын табуда.
Кезекті іс-шара 19.11.2021 ж. «Менің мамандығым – мұғалім!» тақырыбындағы коучинг түрінде көрініс тапты. Жас мамандар Канатов А.К., Агадирова Б.Б., Доскина А.А., Токбулатова Ж.Ж., Хапан А.Б., Оразғалиева М.И., Бодауканов А.А., Юзиева А.К., Ермекова А.,Бақытбеков А.Б. коучингке белсене қатысып, қазіргі заман талабына сай мұғалімге қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға бағыттайтын қадамдарды бойларына сіңіруге тырысты. Нәтижесінде, коуч Сатенова М.Г. тиімді кері байланыс алып, дамуға бағыттайтын келесі қадамды белгілеп коучинг, тренинг тақырыптарын бекітті.

