Lesson study сабақтары сәтті өтті » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
декабрь
2022

Lesson study сабақтары сәтті өтті

Заманауи мектептің динамикалық жаңару сатысында, оқытудың мазмұны, ұйымдастыру түрлері, сонымен қатар инновациялық технологиялары үнемі жетілдірілуде. Оқыту үдерісіне заманауи технологиялардың енгізілуімен мұғалімдер бақылаушы, кеңесші, тәрбиеші қызметтерін  көбірек меңгеруде.  
       Бүгінгі таңда соның жарқын мысалы ретінде «Lesson study» немесе «Lesson – research» болып табылады.  Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 4 «Б» сыныбында ағылшын тілі пәнін оқыту және оқу барысында  диалогтік оқыту тәсілін жетілдіру мақсатында Lesson Study циклі өткізілді. 
      Lesson Study  жұмысын  ұйымдастыру  кезеңінде  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатенова М.Г., ағылшын тілі мұғалімдері - Мантиева Б.Б., Саниязова А.А., орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Нурмуханбетова Т. К. кірген  фокус тобы  оқушылардың оқу мотивациясындағы өзгерістерді  анықтау  мақсатында  тізбектелген  сабақтар  топтамасын  ұйымдастыру  және  өткізу бойынша  алдын  ала  сабаққа  дайындық   жұмыстарын  жүргізді.
      Зерттеу үшін ABC оқушыларының  топтары анықталды. Фокус  тобы осы оқушылар үшін күтілетін  нәтижелерді  анықтады. «Treasure maps», «Transport and ways of communication», «Professions” тақырыптары бойынша Lesson Study сабақ кестесі құрылды. 
Зерттелген ABC оқушыларына жүргізілген бақылаулар арқылы көптеген маңызды жайттарды анықталды. Атап айтқанда, оқушылар топпен жұмыс істеуді, сыныптастарының пікірін тыңдауды және өзін-өзі бағалауды үйренді.
     Шығармашылық топ мұғалімдері әр сабақтан кейін сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерді, олардың тиімділігін талқылай отырып, бақылауға алынған оқушыларға  қатысты  ҚМЖ  құрастыруда түзетулер енгізді.
    Lesson study сабақтары сәтті өтті. Оқушылар топпен, жұппен, жеке жұмыс жасай алатындарын көрсетті.