23
февраль
2024
Сейсмикалық жаттығу
Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін орта мектебінде 2024 жылдың 23 ақпанында сейсмикалық жаттығу өткізілді.
Жаттығу барысында мектеп мұғалімдері мен қамту қызметкерлерінің жер сілкінісі кезіндегі жедел және үйлесімді іс-қимылы тексерілді.
Сейсмиқалық жаттығу алдында мектептің АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, жаттығуға жауапты Сарсенбин Б,.М. жаттығу дағдыларын, қатысушылардың апат аймағынан шығарылуы кезіндегі іс-қимылдарын үйлестіру мақсатында нұсқаулық өткізіп, әдістемелік бейнесабақтар көрсетті. Жаттығу барысында мұғалімдер, қамту қызметкерлерін ғимараттан эвакуациялануы уақыт нормативіне сай және қатысушылардың іс-қимылдары, әрекеттері (алгоритм) үйлесімді болып және жаттығу талаптары толығымен сақталып, орындалды. Мектепте өткізілген сейсможаттығуға Семей қалалық төтенше жағдайлары басқармасының қарауыл бастығы азаматтық қорғаныс капитаны Турсумбаев Тимур қатысты. Мектеп директорының тәрбие ісі жөнінідегі орынбасары Слямбекова Ақмарал жаттығу қорытындысын шығарып, жіберген кемшіліктерді жою жөнінде тапсырмаларды тыңғылықты , уақытында орындауды талап етті.