Әскери-спорттық жарыс » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
март
2019

Әскери-спорттық жарыс

2019 жылдың 13 ақпанында Пригород жалпы білім беретін орта мектебінде кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылуының 30 жылдығына арналған қала мектептерінің арасында әскери -спорттық жарыс өткізілді. Жарысттың салтанатты ашылу барысында мектеп директоры Баитунов Дулат Ермекұлы, ауған соғысындағы қасірет пен ерлік туралы айтып өтті. 31767 әскери бөлім командирі подполковник Жусупов Айбол Утегенұлы кеңес әскерлерінің өшпес ерлігі, соның ішінде ауған соғысының батыры «Қара майор» полковник Керимбаевтың ерлігін ерекше атап өтті. Жарыстың құрметті қонағы ретінде шақырылған ауған соғысының ардагері Сулейменов Ныгметулла Гавидоллаұлы өзінің ауған соғысындағы жауынгерлік жолы, бірге қызмет атқарған жауынгерлердің ерлігі және қиын-қыстау кезіндегі жолдастық қарым-қатынас туралы қызықты әңгіме айтып өтті. Әскери-спорттық жарыс басталмас бұрын жарысққа қатысушыларға ауған соғысы туралы видеофильм, ауған соғысының ардагері Н.Г. Сулейменовтың өмірбаяны туралы слайд көрсетілді. Мектептің алғашқы әскери дайындық оқытушы - ұйымдастырушысы запастағы майор Сарсенбин Бекболат Маратұлының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараны мектеп мұғалімдері Мантиева Балжан мен Ақылтаева Айдана қызықты да әсерлі жүргізді. Жарыс сайыстары әскери жаттығу түрлерінен болды. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды №38 , 2-орынды Пригород, 3-орынды №16 жалпы білім беретін орта мектептері иеленіп, оларды мектеп директоры Д.Е. Баитунов пен ауған соғысының ардагері Н.Г. Сулейменов марапаттады. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Слямбекова Акмарал Дәлелғазиевна жарысқа қатысушы мектеп оқушыларына, оларды осы жарысқа дайындаған жетекшілері Жусупов Тлеубек Халиоллаұлына және Канапьянов Әділ Қадылұлына алғыстарын білдірді.
Әскери-спорттық жарыс
Әскери-спорттық жарыс
Әскери-спорттық жарыс
Әскери-спорттық жарыс
Әскери-спорттық жарыс