12
декабрь
2019
Кодтау сағаты - 2019
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы Пригород жалпы орта білім беретін мектебінде 2019 жылдың 11-12 желтоқсан күндері информатика пәні мұғалімдері Н.М.Азімбаева мен А.П.Ярышевтың ұйымдастыруымен 3-8 сыныптар аралығында "Қазақстандағы кодтау сағаты" акциясында сабақ өткізілді.Бұл іс-шара 200-ге жуық оқушы қатысты. Оқушылар сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып,өте белсенді қатысты.