"Кодтау сағаты -2018"
Пригород жалпы орта білім беретін мектебінде 3-9 желтоқсан аралығында «Код сағаты Қазақстан» акциясы аясында 3-11 сыныптар арасында «Код сағаты -2018» атты апталық ұйымдастырылды. Бұл апталықтың мақсаты XXI ғасырдағы негізгі дағдыларының бірі — бағдарламалауға қызығушылық ояту, жасқа, ойлау қабілетіне қарамастан әркім бағдарламалауды үйрене алатынын көрсету, бағдарламашы мамандығымен таныстыру және бағдарламалауды үйренуде табысқа жету жағдайын құру.
Оқушылардың назарын аудару үшін сабақтың басында мотивациялық бейнебаянды көру ұсынылды. Бұл бейнебаян атақты бағдарламашылардың қатысуымен түсірілген, яғни компьютерлік ойындардың Minecraft, Angry Birds, Counter Strike және т.б. ойындардың бағдарламаларын қалай жазғанын қысқаша көрсетеді.
Оқушылар бұл апталыққа қызығушылықпен қатысты және өз мүмкіншіліктерін көрсете білді.