2021 жылғы 11 қараша Ж.Аймауытов атындағы ЖОББМ-де онлайн форматта жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
2021 жылғы 11 қараша Ж.Аймауытов атындағы ЖОББМ-де онлайн форматта жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде 12-18 жас аралығындағы балаларды COVID – 19-ға қарсы вакцинациялау тақырыбы қозғалды. Бұл қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселе. Ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Семей қ. №6 ПСТ директоры Мусинова Гүлжан Рахымханқызы және осы мекеменің бас дәрігері Каметова Ақтолқын Мәултбекқызы шақырылды. Жиналыс барысында ата-аналармен короновирустық инфекцияның алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме өткізілді, содан кейін ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.
Жиналыстың екінші бөлімі бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өткізілді.Күн тәртібінде 2021-2022 оқу жылының бірінші тоқсанындағы оқушылардың үлгерімі мен білім сапасы көрсеткіштері ,оқушылардың жетістіктері, желтоқсан айында болатын мемлекеттік және жаңа жылдық мерекелерді мерекелеуге дайындық жоспарлары, қысқы демалыстардағы жұмыс жоспарлары, оқушылар арасындағы кибербуллингтің алдын алу туралы, интернет желісіндегі балалардың қауіпсіздігі және ата-аналардың бақылауы туралы мәселелер қаралды.
Кіріспе сөзді мектеп директоры Д.Е.Байтунов ата-аналарды күн тәртібімен таныстырып,ағымдағы бірнеше өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Ата-аналар назарына бірінші тоқсандағы білім сапасы мен оқушылардың үлгеріміне талдауды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К. М. Хасенов өткен жылмен салыстыра отырып сараптады..
Мектеп оқушыларының зияткерлік және шығармашылық конкурстарға қатысу нәтижелері бойынша осы конкурстардың жеңімпаздарын, сондай-ақ алдағы пәндік олимпиадалар туралы директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары С. Т. Арғынова сөз сөйледі.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Д. Слямбекова ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күнін, жаңа жылдық мерекелерді мерекелеуге дайындық жоспарларымен таныстырып, қысқы демалыс жұмыс жоспарын ұсынды. Сондай-ақ, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналған оқушылар арасында кибербуллингтің алдын алу бойынша мектеп психологы А.Б. Хапан сөз сөйледі. Ата-аналарға балалар кибербуллингінің алдын алу және ескерту бойынша кеңестер берілді. Мектеп директоры Д. Е. Баитунов интернеттегі қауіпті ойындар туралы, оның ішінде "Кальмар ойыны" сериялының балалар психикасына әсері туралы ескертті. Бұл сериялдың 18 жастан асқан ересектердің көруіне рұқсат етілген белгілі бір шегі барын айта кетті. Ата - аналар да, мектеп те тәрбиелік іс-шаралар аясында балаларға пайдалы ақпаратты, теріс ақпараттан ажырата білуге дағдыландыру керек. Балалар психикасы енді ғана қалыптасып келеді, сондықтан кез-келген ақпарат мектепте де, ата-аналар тарапынан да үйде бақылануы керек, - деді Дулат Ермекұлы.
Жиналыстың қорытынды бөлігі диалог түрінде, "сұрақ-жауап" форматында өткізілді, онда ОТП ұйымдастыру бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.