«Біз – шығармашыл ұстазбыз»
Тәуелсіздік күні қарсаңында, 15.12.2020 күні Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сыныптар пәндік апталығы аясында «Біз шығармашыл ұстазбыз» атты мектепшілік онлайын сайыс өткізілді.
«Бастауыш-білім бастауы» апталығы аясында әріптестер арасында «Біз - шығармашыл ұстазбыз!» атты мектепшілік онлайн сайысы межелеген мақсатқа сай жүзеге асты.Сайыс көздеген мақсаттарына: апталық аясында мұғалімдер арасында ауызбіршілік, ынтымақтық қалыптастыруға, мектеп мұғалімдерінің шығармашылығын дамытуға және кәсіптік деңгейін арттыруға үлес қоса отыра, жетті деп ойлаймыз.
Сайыс барысында бірінші кезеңде: мектебіміздің тарихы мен Ж.Аймауытов шығармашылығына байланысты сұрақтар қойылды.Екінші кезеңде: «Кел шырқайық» әуені бойынша өлеңді табу болды, ал үшінші кезеңде: Бетпе-бет. "Қашықтықтан оқыту тиімді немесе тиімсіз" бағытында пікірсайыс ұйымдастырылды.
Сайыс барысында көңілді әндер шырқалып, қызықты сұрақтар қойылды. Әріптестеріміз белсенділік танытты. Әсіресе, "Қашықтықтан оқыту тиімді немесе тиімсіз" бағытында пікірсайыс өте танымды, белсенді өтті..
Мереке алдында әріптестерімізге көтеріңкі көңіл күй сыйладық деп ойлаймыз.


