"Қарым-қатынас жарастығы" психологиялық тренингі » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Қарым-қатынас жарастығы" психологиялық тренингі
04
ноябрь
2019

"Қарым-қатынас жарастығы" психологиялық тренингі

Күзгі каникул барысындағы жоспарға сәйкес "Пригород жалпы орта білім беретін мектебінде" 30 қазан күні  мұғалімдер мен мектеп қызметкерлеріне арналған психологиялық тренинг өтті. Тренингке мектеп ұжымы қызыға ат салысты.Педагогикалық ұжымның қажеттілігіне сай тренинг тақырыбы: "Қарым-қатынас жарастығы" таңдалынып алынды.Көзделген нәтиже: педагогикалық ұжым арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін еркін сезінуге көмектесу. Ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру, бірін-бірі кеңірек танып білуге, көңіл-күйлерін көтеру. Тренинг барысында түрлі қызықты жаттығулар жасалды. Ұстаздар белсене қатысып отырды. Әр қадамдарға кері байланыс беріліп, алған әсерлерімен бөлісіп отырысты.Іс-шара соңында рефлексия жасалды. Тренинг жоспар бойынша көздеген мақсаттарына жетті.
Осындай қызықты да, тиімді бастамалар мектеп психологы Баяхметова А.Т. ұйымдастыруымен келесі тоқсандарда да жалғасын таппақ.
 

"Қарым-қатынас жарастығы" психологиялық тренингі