"Білімділер додасы" интеллектуалды сайыс » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
январь
2022

"Білімділер додасы" интеллектуалды сайыс

26 қаңтар күні  "Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар" атты политехникалық пәндер бірлестігі аясында 5"А" сыныпта онлайн форматта, ZOOM платформасында "Білімділер додасыатты интеллектуалды ойын өткізілді. 

Мақсаты:

  • Оқушылардың білімге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру.
  • Ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.

 Ойын топтық сайыс түрінде ұйымдастырылды. Ойынға қатысқан «Болашақ» және «Ғалым» тобы ойын барысында белсенділік көрсетіп, білімдерін ортаға салды. Сайыс барысында оқушылар «Викторина» бөлімінде тез, шапшаң ойлану дағдыларын көрсетсе, «Полиглот» бөлімінде  берілген тапсырмалардың жауабын тауып, оны үш тілде айта білді. «Жұмбақтар» әлемі» мен «Мақал- сөздің мәйегі» атты  бөлімдерде өздерінің  тапқырлықтарын көрсете білді. Сайыс нәтижесінде «Болашақ» тобы  1-орынға ие болды.