26
январь
2022
Ашық сабақ "Десятичные дроби"
"Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар" атты политехникалық пәндер бірлестігі аясында 26 қаңтар күні 5"Б" сыныпта онлайн форматта, ZOOM платформасында "Десятичные дроби" тақырыбында Берикханов Р.Е. ашық сабақ өткізді.
Мұғалім ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана отырып, стриминг жүйесінде оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндірді. Оқушылардан кері байланыс ала отырып сабаққа деген қызығушылықтарын оятып, есеп шығару дағдыларын қалыптастыра білді.
Сабаққа балалар 100% қатысып, белсенділік көрсетті.
Оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысты. Балалардың берген кері байланысынан сабақтың мақсатына жеткендігін көруге болады.
