Ашық есік күні » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
май
2022

Ашық есік күні

20.05.2022 күні  “Ж.Аймауытов атындағы ЖОББ” мектебімізде “Мектеп пен отбасы бірлігі- болашақ ұрпақ тірлігі” атты ашық есік күні өткізілді. Негізгі іс-шараның мақсаты: ата-аналар үшін педагогикалық ағарту ісін ұйымдастыру, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту арқылы сапалы білім беру жолдарын қарастыру. 

 Кіріспе сөзді мектеп директоры Баитунов Д.Е  бастап,  арнайы шақыртылған ата-аналарға  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Слямбекова А.Д бағдарламамен  таныстырып , жоспар бойынша экскурсия жүргізді. Экскурсияда мектеп мұражайынан бастап, түрлі ұйым, үйірмелерді , яғни өзін-өзі басқару ұйымы, робототехника, ағылшын, шахмат үйірмелері және ғылыми жобалар көрмесі, экология; дзюдо, волейбол, президенттік көпсайыс, футбол секцияларымен қоса, Жас сарбаз және Жүсіпбектану сыныптарының жылдық жұмыстарын тамашалады.  Жалпы ашық есік күні- бұл оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, мектеп әкімшілігі  арасындағы бірлікті түсінуін жариялайтын күн. Олар тек бірігіп істеумен шектелмей, ұжымның үздіксіз тұтастығын көрсете білді.

Сонымен қатар, ата- аналар үшін мектепалды даярлық сыныптарында (   0 «а», 0 «б») , 1 «а» сынып /1 «б» сыныптары және  9-11сыныптарында  ашық сабақтар өткізіліп,оқушылардың білімдері паш етілді.  

Ата-аналарға арналған ашық есік күнінің соңында  «Тұмар» Әжелер мектебінің ашылу салтанаты өтті.  Әжелер клубын іске асыратын ардақты әжелеріміз  Сулейменова Аслия Камаловна, Жунусова Валентина Айтжановна, Казыгулова Сериккайша, Нурпейсова Гульнар Ракимжановна және Кандратьева  Галина Геннадиевна өз тәжірибелерімен бөлісіп,ата-аналарға  өздерін таныстырды. Атаулы мерекеде әжелер клубының 2022-2023 оқу жылына арналған   жылдық жоспары бекітілді.  Ал  іс-шарамыздың соңында  мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі  Доскина А.А ата-аналармен кері байланыс жүргізіп,іс-шараның қорытындысын жасады. Ашық есік күніне келген ата-аналар мектеп ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті.