14
октябрь
2022
Тренинг «Эмоционалды интеллект»
14 қазан күні мектебімізде «Эмоционалды интеллект» тақырыбында тренинг өткізілді. Аталған іс-шараны апталық аясында бастауыш сыныптар әдістеме бірлестігі (Агибаева А.К., Женсебаева Н.М., Сартаева Ж.Б., Токбулатова Ж.Ж., Бериктаева А.К.) ұйымдастырды. Тренинг барысында ұстаздардың басқа адамдардың эмоцияларын, ниеттерін, тілектерін, сонымен қатар өзінің және басқалардың эмоцияларын басқара білу қабілетімен танысты. Эмоционалды интеллектінің негізгі заңдылықтарымен танысып, бекіту жаттығуларын жасады. Тренинге қатысушы мұғалімдер тиімді кері байланыс берді.


